Құрметті жиналған мұғалімдер мен оқушылар «Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысысына Қош келдіңіздер!
Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу - маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы - «Қызықты қазақ тілі әлемі»!
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу. Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдықпен нақтылыққа бейімдеу.
Ойнымызды бастамас бұрын Тұрсынхан Әбдрахманова деген әрі ғалым, әрі әнші, әрі ақын апамыз былай депті:
Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғалымның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің - анаң, сыйлап өтіңдер!
Сайыс 5 бөлімнен тұрады Олар
І бөлім «Бәйге»
ІІ бөлім «Тіл өнері»
ІІІ бөлім көрерменнен көрімдік
ІV бөлім «Полиглот»
V бөлім “Тапқырлық”
VI бөлім“Алты жұмбақ”
Бүгінгі –«Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысына екі топ қатысады.
Олар: Бірінші топ «Тұлпар» командасы: Екінші топ «Домбыра» командасы:
Ал енді осы екі топтың қайсысы оза шабатынын , қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық.
1. Мектеп директоры Абдуллин Дастан Әмірханұлы
2. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қайралапова Әсем Жанатайқызы
3. Тарих пән мұғалімі: Нұрғалива Эльмира Нұрланқызы
- География пән мұғалімі: Ибрагим Күлсина Тұңғышбайқызы
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға, сол алда. Ендеше келесі «Бәйге» кезенің бастайық. кезен ережелері : Әр топқа 20 сұрақтан жасырамын. Әр топ қатысушылары қойылған сұрақтарға жауап берулері тиіс . Әр дұрыс жауап 1 ұпайға бағаланады.
І кезең «Бәйге»
І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар
1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
20. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3 - ке бөлінеді? (салдыр мен үн)
Келесі кезек «Домбыра» тобына беріледі . Бастайық .
ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар
1. Екпін түрі нешеу? (4)
2. Үндестік заңы нешеу? (2)
3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4. «Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен
5. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ
8. Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
10. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
12. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
13. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
14. Дауыстылардың саны қанша? (12)
15. Әліпбидегі 10 - шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
16. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
17. Қосымша нешеу? (екеу)
18. Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
19. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы
20. Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)
ІІ кезең : «Тіл өнері»
Ана тілім,өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңесем де жарасар,
Ана тілім баға жетпес өнерсің деп сайысымыздың«Тіл өнері» атты екінші кезенің бастайық . Бұл сайыста әр топқа 6 сұрақтан қойылады , сендер қойылған сұрақтарға жай емес мақал - мәтелмен жауап айтуларын керек әр дұрыс жауапқа 2 бал беріледі .
Ендеше бастайық .
Бірінші «Тұлпар» тобының сұрақтары
1. Жылан інінен қалай шығады?
Жылы - жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.
2. Қар жана ма?
Қалауын тапса қар жанады
3. Инемен құдық қазуға бола ма?
Оқу инемен құдық қазғандай.
4. Ең тәтті не?
Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті
5. Не қорқақ,не батыр?
Көз қорқақ,қол батыр.
6. Кімнен кім жаман?
Олақтан салақ жаман.
Жақсы . Енді ІІ «Тұлпар» тобының сұрақтары
1. Оттан да ыстық не?
Отан оттан да ыстық.
2. Ит жоқта не үреді?
Ит жоқта шошқа үреді.
3. Ер қаруы нешеу?
Ер қаруы бес қару.
4. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Отан үшін отқа түс күймейсің.
5. Жігітті шал деген жөн бе?
Жаман жігіт жасында шал болар.
6. Үлкен сөз, үлкен көз бола ма?
Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен
ІІІ бөлім Көрерменнен көрімдік /топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жоқ сөздермен түсіндіреді/
Жасыратын суреттер: 1 - топ Ат, Дулыға, Сандық, Той, Жол,
2 - топ Ту, Күйгіз үй, Телефон, Кітап, Боран.
IV кезең «Полиглот» кезеңімізді бастайық . Кезең ережелері : Мен сендерге 5/5 мақал - мәтелдер жаcырамын. Сендер сол сөзді тауып, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударуларын керек . Қазақша - 1ұпай Орысша - 1ұпай Ағылшынша - 1 ұпайға бағаланады.
1. ...қылды қақ жарған. (қара,черный,blak )
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,плохой,bad)
3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер,земля,)
4. .... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау, шесть,six)
5. . ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,язык,language)
2 - Топ сұрақтары
6. . ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы , друзья,frend)
7. . ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,девушка,gerl)
8. . ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау,гора)
9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім,знания,)
10. . ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз,слово, )
Vкезең «Тапқырлық»
Бұл кезеңде сендер оқылған мақал - мәтелді жалғастыруларын керек .
Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады .
І топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден ... (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
10.Тіл қылыштан ... (өткір).
ІІ топ
1. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
2. Тілден артық ... (қазына жоқ).
3. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).
4. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).
5. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).
6. Өнер алды - ... (қызыл тіл).
7. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).
8. Жылы - жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).
9. Басқа пәле - ... (тілден).
10. Білім кілті - ... (тіл).
VI тур «Алтын жұмбақ»
Енді келесі «Алтын жұмбақ» атты кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде мен сендерге әдеби шығармалардан алынған үзінділер жасырынған мына парақшаларды таратамын .
Сендер берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауларын керек. Әр дұрыс жауап 5-ұпайға бағаланады
- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт - дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) Жауабы:(“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)
- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?)Жауабы: («Аяз би» ертегісі, енші беру).
- Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Кім деп ол баланың несін қойды?
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?)Жауабы: («Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау.)
- Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап - күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) Жауабы: («Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.)
Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
https://k-zharmaganbetov.edu.kz/zh-lykt-r-k-zharmaganbetov/9144-yzy-ty-aza-tili-lemi-intellektualdy-sajys.html#sigFreeId052fb57d36