21 педагог жұмыс жасауда, 37 оқушы білім алуда. Абдуллин Д. А - (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) Шоханова Р. С (химия, биология пәні мұғалімі) Сейдағалиев М.Ғ (сызу, бейнелеу өнері, технология, А. Ә. Д ұйымдастырушысы) Ибрагим К.Т (география пәні мұғалімі) Раев Б. А (физика пәні мұғалімі) Дүйсекова М. Т (математика, геометрия пәні мұғалімі) Бөлтірік О. Б (дене шынықтыру пәні мұғалімі) Айгельдиева К. Т (биология пәні мұғалімі) Бостан А. Қ - (ағылшын тілі пәні) Нургалиева Э. Н (тарих пәнінің мұғалімі) Алибекова Ш. К(орыс тілі пәнінің мұғалімі) Ерболқызы Е (орыс тілі пәнінің мұғалімі) Абилгазина Д(тарих пәнінің мұғалімі) Қуанышбай Е.Қ (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) Атығаева А.Қ ( бастауыш сынып мұғалімі) Мукышева С.Б (бастауыш сынып мұғалімі), Қайралапова А.Б( тәлімгер). Айешова К.С (тәрбиеші) Төлегенова А. Ө(әлеуметтік педагог) Узтаева Д.Б (тәрбиеші) Абдикаримова Т.Е (бастауыш сынып мұғалімі)
Шилі мектебінің тарихынан.
Қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылында орналасқан орта мектебінің тарихы Ұлы Октябрь Революциясымен тығыз байланысты Алғашқы мектебі 1919 жылы Шилі өзенінің бойында салынған,ол кезде аудан Торғай ауданы Бестау ауылдық советіне қарасты мектеп болған. Мектепте алғашқы оқушылар - Оспанов Әлмағамбет, Жоламанов Масғұт деген кісілер дәріс берген. Алғашқы шәкірттерінің саны сұрастыра келгенде 100 ден артық болған. Бостандық бастауыш мектебінің жанынан сауатсыздықты жою мақсатында 1919 - 1920 жылдары оқытушылар дайындайтын 3айлық курс ашылған. Кейінгі жылдары “Бостандық” бастауыш мектебінің негізінде екі мектеп болды.Біреуі - Шилінің Басат деген жерінде, екіншісі Сасықсорда. Басатта - Байдилдин,Сасықсорда Мұқашев Тәнулер 1933 жылға дейін дәріс берген. Осы мектептен ақын жерлесіміз Қ. Жармағанбетов алғашқы оқушылық өмірін бастаған. 1935 жылы “Бостандық” бастауыш мектебі орталау (7 жылдық) мектепке айналып,мектеп директоры Асанов Айтмағанбет жұмыс атқарған. 1937 жылы Шилі орталау мектебі жабылып,қайтадан бастауыш мектеп болды. 1938 жылы Шилі орталау мектебі болып қайта ашылды, қазіргі Қ. Жармағанбетов атындағы орта мектебі 1964 жылыіргетасы қаланып, 1966 жылы 320 оқушыға арналған мектеп пайдалануға жазушы берілген жылдары Шилі орта мектебі атауымен аталып, кейіннен ақын жерлесіміз Қ. Жармағанбетовтың есімімен аталатын болды. 1987 жылы мектеп ішінен ақын ағаға мұражай ашылып, осы жылдан атауы күшіне ене бастады. Бұл мектепке ақынның атауы берілуі кіндік қаны тамған, балалық, оқушылық кезеңдері, ақынның ұстаздық еңбек жолдары осы Шиліден бастау алып, кейіннен жоғары оқу орнын тәмамдап елге оралып, еңбек етіп, қызмет жасап, елеулі еңбектерінің арқасында халқына қалаулы жазушылық, ақындық өнерге, ұстаздық жолда артына мұра қалдырған ұлағатты кісіге мектеп есімін беруді де осыған байланысты деп айтуға болады. 1966 - 67 оқу жылында мектеп аяқтаған алғашқы түлектеріден 15 оқушы аяқтаған. Ақын ағамыздыңізін жалғастырып осы мектептен дәріс алған шәкірттер әрқайсысы әр тарапта жоғары білім алып, осы білімнің арқасында халыққа қызмет жасап, атақ - абыройға еленіп,есімдері аталып жүргендері анық. Олар: - Байжұманов Әнуар - 1937 жылы туған. Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент. Астана қаласында ЖОЖ - да сабақ береді. - Байжұманов Асқар - 1939 жылы туған. Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген дәрігері. Алматы қаласында тұрады. - Мақанов Ғалихан - 1920 жылы туған. Қазақ ССР көлік министрлігінің орынбасары қызметін атқарған. 1999 жылы дүние салды. - Самұратов Сабырбек 1937 жылы туған. Химия ғылымдарының кандидаты, профессор. Алматы қаласында тұрады. - Жұмағалиева Бәтжан Мұқанқызы - 1947 жылы туған. Химия ғылымдарының кандидаты, профессор. ҚМУ - мұғалімі Исмагулова Роза Сапабекқызы - 1955 жылы туған. Физика - математика ғылымдарының кандидаты. ҚМПИ - мұғалімі - Мырзағалиева Гүлзада Мешітбайқызы - 1955 жылы туған. Филология ғылымдарының кандидаты ҚМПИ - мұғалімі т.б.
Торғай өңірінен талай саңлақтардың шыққаны тарихтан белгілі.Мысалы атап айтар болсақ, Оспан қожа мен Сатыбалды ишан, Ахмет пен Міржақып,осылардың ізбасарлары болып Файзолла ишан мен Әлмағанбет мұхтасифтершыққан ғой. Осы аттары аталған нар есімдердің ішінен менің еске алғым келіп отырғаны мұхтасиф Әлмағамбет Оспанұлы. Ол 1886 жылы қазіргі Жангелдин ауданының «Шилі»ауылында дүниеге келген. 12 жасқа дейін Әлекең ауыл молдаларынан оқып сауатын ашқан. 13 жасында Торғайдағы 4 - сыныбында оқыған. Бұл оқуды 1905 жылы бітіріп, одан соң Тройцкідегі Зейнолла ишан салдырған Расулия медресесін ойдағыдай бітіріп шығады. Әлекең бұдан соң туған жері «Шиліге» оралып Үшқарасу мешітінде бала оқытып, үлкендерді намазға жығады. 1917 жылы кеңес үкіметі орнаған соң Ә. Жангелдиннің көмегімен мешітке Бостандық деген ат қойып, ауыл балаларын орысша - қазақша оқыта бастады. Ал үлкендер осы мектептің бір бөлмесінде намаз оқып, дін жолын уағыздайды. Әлекеңнің бұл бастамасын Орынборда шығатын «Қазақ» газеті «Игіліктің бастамасы» деген атпен көлемді мақала етіп жазады. 1920 ж Орынбордағы ағарту бөлімі мешітті қазақ тіліндегі бастауыш мектепке бейімдеп, Әлекеңді меңгеруші етіп тағайындайды. Кейіннен Торғай уезі бойынша осы Бостандық мектебінен 75 адам мұғалімдік куәлік алып шыққан. Әлекең Ахаңның жазған емлесімен бірінші болып осы мектепте сабақ береді. 1923 ж Ақтөбеде ашылған мұғалімдер курсынан білімін жетілдіріп келіп, Бостандық мектебіне меңгеруші болады. Әлекең «сегіз қырлы, бір сырлы», жаны жайсаң адам еді. Осы жылдары «Шиліден» кооператив ашып оны да өзі басқарған.